«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Колледж студенттері өндірістік сабақ аясында бірнеше тігін шағын орталықтарына саяхат жасады. Бұл сапардың негізгі мақсаты – тігін цехтарындағы жұмыс барысымен танысу, өндірістік үдерістің кезеңдерін бақылау және болашақ мамандықтарына қажетті тәжірибелік мағлұмат алу болды.

Саяхат барысында студенттерге тігін бұйымдарын дайындаудың негізгі кезеңдері көрсетілді: маталарды таңдау және кестелеу, пішу, тігудің түрлі әдістерін қолдану, дайын өнімдерді өңдеу және сапасын тексеру. Сонымен қатар, олар цех қызметкерлерімен сұхбаттасып, заманауи жабдықтар мен технологиялар жайында толыққанды ақпарат алды.

Бұл іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, өндірістік ортада жұмыс істеу ерекшеліктерін түсінуге және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге үлкен үлес қосты.