«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мамандық таңдау - әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Дұрыс таңдалған мамандық адамның болашағына, өмір жолына және қоғамдағы орнына үлкен әсер етеді.

Арал индустриалды - техникалық колледж оқытушылары оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағытталған кәсіптік бағдар беру мақсатында қаламыздағы №83 орта мектептің 9 - сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында оқытушылар оқу орны туралы және мамандық таңдау мәселесі бойынша ақпараттармен бөлісті. Колледждегі мамандықтар, оқу мерзімі, қабылдау талаптары, гранттар мен жеңілдіктер туралы түсіндірді. Сонымен қатар оқушыларға ақпараттық буклеттер, бейнероликтер және презентациялар көрсетіп колледж тыныс - тіршілігінен хабардар етті.

Кездесу барысында оқушылар мамандықтарға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алу мүмкіндіктеріне ие болды.