2025 - 2026 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес Арал индустриалды - техникалық колледжінің оқытушылары Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентіндегі №19 және Тоқабай елді мекеніндегі №248 мектептің 9 - 10 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Негізгі мақсат - оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру болды.
Кездесу барысында оқытушылар тарапынан мамандықтар туралы бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге колледжде білім алу мүмкіндіктері таныстырылып, оқуға қабылдау талаптары мен оқу шарттары түсіндірілді.
Кәсіби бағдар бойынша оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды.

