«Болашағы зор кәсіптер» тақырыбы аясында қаламыздағы №64 орта мектепте мамандармен кездесу өткізілді. Кездесуге Арал индустриалды-техникалық колледжінен тігін өндірісі бойынша Келжанаова Асия Ихласовна және IT мамандығы бойынша Жумаева Назира Каржигаевна шақырылды. Мектеп оқушыларымен кездесу барысы мамандық туралы ұғымды терең таныстыруға бағытталды. Шараның бірінші кезеңінде «Психологиялық сәт» әдісімен пішіндерді таңдау арқылы маманға тән қасиеттер анықталды. «Менен сұрақ, сізден жауап» мамандық иелеріне және білім алушарға сұрақ қою арқылы пікірталас кезеңі өтті. Бұдан әрі білім алушылар кәсіптік білім берудің құрылыммен танысып, мамандық әлеміне шолу жасады. Кездесу пікірталас ойындарымен жалғасты. Қорытындысында сала мамандарына сөз беріліп, кәсіптің қыр-сыры қызықты жағдаяттар арқылы әңгімеленді.