Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Балғараш Тәженовті еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары мен студенттері арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өткізілді. Айтулы додаға Арал индустриалды - техникалық колледж командасы да қатысып бақ сынады. Жарыс нәтижесінде дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы К. Байқазақова мен өндірістік оқыту шебері Е.Құныжанов «Ерекше белсенділігі үшін» дипломымен және І курс студенті Ж.Асылбек «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталды.