Арал индустриалды-техникалық колледж кітапханасына Қызылорда облысы білім басқармасынан жазушы Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» ғұмырнамалық-танымдық повесть кітабынан 3 дана келді.
Кітап Қазақстан Республикасынын Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмір жолын, оның ата-анасының тағдырын, балалық шағының ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Негізінен бұл шығармада елімізде отбасы институтын дамытуға, ата-аналардың өз перзенттерінен тұлға өсіргісі келетін армандарын шыңдауға, балалардың алдарына мақсат қойып, сол мақсат-тілекке жету жолындағы ата-ананың рөліне айырықша мән берумен қатар жастарға ынта-жігер, талап, күш береді.
Жазушы Кемел Токаевтың сол кездегі ортамен араласуы, сондай-ак, сол уақыттағы қоғамдық тұрмыс пен адамдардың өзара ізгілік карым-қатынасы жөнінде қызықты әрі маңызды мәліметтер ұсынылған.
Автор жастарға еліміздің саяси және әлеуметтік дамуындағы алуан түрлі аспектілерді түсінікті тілде жеткізуді максат тұтады.
Бұл кітап - балалар мен жасөспірімдерге арналған. Олардың адамгершілік құндылықтарын, отансүйгіштік сезімдері қалыптастыруға және тарих пен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттаыруға бағытталған. Жастарға өмірдің әр түрлі кезеңдерінде өзін дұрыс бағытта ұстау, өз елін сүю және оның дамуына үлес қосу сияқты маңызды сабақтар беріледі.
Алматы «Дәуір», 2025. – 160б
Кітап қалың көпшілік оқырманға арналған, алып оқыңыздар!


