2026 жылғы 4-5 маусым күндері Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің үйлестіруімен колледж кітапханашыларына арналған республикалық семинар болып өтті.
«ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗАМАНАУИ ЖАҢҒЫРТУ» тақырыбында ұйымдастырылған семинарға Арал индустриалды-техникалық колледжінің кітапханашысы Бүркітова Гүлзира Әлиевна қатысып, кәсіби біліктілігін арттырып қайтты.
100-ден астам колледж кітапханашылары мен сала мамандары бас қосқан маңызды іс-шара барысында цифрлық құралдарды тиімді пайдалану мүмкіндіктері, заманауи технологияларды кітапхана тәжірибесіне енгізу жолдары және кітапхана қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Осындай кең көлемді іс-тәжірибе алаңына қатысу, әріптесіміздің кәсіби тәжірибесін толықтырып, алдағы жұмысына жаңа серпін береді деген ойдамыз.
Әріптесімізге кәсіби дамудың биік белестерін тілейміз!

