2023 жылғы желтоқсан айында Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқаны аудан көлемінде де жүргізілуде. Сондай аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес Арал индустриалды-техникалық колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Н.Жумаева мен колледж педагог-психологы Ж.Ахметованың үйлестіруімен колледждің 11-сынып негізінде қабылданған №127,128,129 оқу топтарының білім алушылары әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу бағытындағы «Бақытты отбасы» тақырыбында, Арал қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне ақпараттық-кеңестік және ресурстық қолдау көрсетуге арналған «Отбасын қолдау» орталығында болып, танысып қайтты. “Арал аудандық отбасын қолдау орталығы“ КММ-нің директоры Өтегенов Әділжан Жеткергенұлы орталықтың қызмет түрлерімен, қосымша үйрету курстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратты. Орталықтың психолог маманы Назым Бауыржанқызы колледж білім алушыларына тренинг жүргізсе, учаскелік полиция инспекторы Ерекеев Булат Әбутәліпұлы "Зорлық-зомбылықтың алдын алу" мақсатында заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.