КОЛЛЕДЖ БАСШЫСЫ «КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
2023 жылдың 13 желтоқсанда Астана қаласында ТжКББ негізгі мәселелеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» атты республикалық форумы өтті.
Форумға ТжКББ ұйымдарынан 800-ден астам басшылар, орынбасарлар және педагогтар қатысты.
Осы форумға колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлы, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Үсенов Сәкен Бимұратұлы қатысуға шақырту алған болатын.
Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру жіне тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары үшін. білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы Раким Өтемұратұлы «КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫМЕН ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы марапаттады.
Білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай, қажымай еңбек етіп келе жатқан Раким Өтемұратұлы әлі де біраз белесті бағындыра береді деген сенімдеміз!!