«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Дәл осы тақырыпта жалпы пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында "Оқуға құштар колледж" жобасына сәйкес мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Байқау онкүндіктің үшінші күнінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы И.Нурболатованың ұйымдастыруымен өтті. Білім алушылардың тілдік және оқу сауаттылығын дамыта отырып, кітапқа, поэзия, проза оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы байқауда әр түрлі көркем мәтіндер оқылды. Шара барысында қатысушылардың тілдік дағдыларын дамытып, ширатуға негізделген «Продолжить пословицу...» ойыны жүргізілді. Нақышына келтіріп, мәнерлеп айту, мазмұнды жеткізу қабілеттері сараланған сайыс нәтижесінде Н. Шукиров(№139 топ) – І орын, Д.Орынбасар(№142 топ) – ІІ орын, Е.Кайыржанкызы(№138 топ) – ІІІ орынды иеленді.
Сайыс соңында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Мирманова мен бірлестік жетекшісі Л.Аймурзаева жүлдегерлерді құттықтап, мақтау қағаздарын табыс етті.