«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды-техникалық колледж кітапханасында қалалық №4 кітапханашыларының қатысуымен «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы тұжырымдамасы негізінде «ӘЛЕМ BOOK» жобасы аясында 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты ерлік сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды, ұлтжанды болуға шақыру.

Шара барысында кітапханашы Ә.Тілеубаева Ұлы Жеңістің мерейлі жетпіс тоғызыншы көктемі қандай шуақты десеңізші! Жыл сайын мамырмен келетін осынау мереке - әр-біріміз үшін сондай маңызды. Майдан кешіп, жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата - бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған құдіретті һәм мәртебелі Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймек, ешқашан жығылмақ. Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші ірі бөлігі болып табылатын Ұлы Отан соғысы бас сұқпаған ошақ - шаңырақ жоқтың қасы. От пен оққа оранған майданда жан алысып, жан беріскен сұрапыл шайқастарда жан беріп арпалысқан Қазақтың әскери мерейін аспандатқан атақты Бауыржан Момышұлы әрқашан әрбіріміз үшін бірегей үлгі – өнеге, сондай-ақ Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын алғаш тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың тұлғасы неге тұрарлық. Нәзік жаратылысына қарамастан «Максим» пулеметін ұршықша иіріп, қайталанбас ерлік көрсеткен Мәншүк Мәметова, құралайды көзге ату мергендігімен талай фашисті жаһаннамға жөнелткен Әлия Молдағұлова, ұшақты ойыншық құрлы көрмеген, зымиян жауды әуеден қырып ерлеген Хиуаз Доспанова, бір өзі жаудың екі танкісін қиратқан батальон комсоргі, гвардия лейтенанты Алтыншаш Нұрғожинова сынды аға-апаларымыз қазақтың нағыз батырлары.

Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді. Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен бабалар мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталады.

Кеш соңында «Ұлы Жеңіс – ұмтылмас тарих» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалады.