2025 жылғы 15 қазанда Арал индустриалды-техникалық колледжінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің «КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА, БІЛІМ БАСТАУЫ» атты онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
Шарада бірлестік жетекшісі Аймурзаева Лаура Бақтыбайқызы онкүндік жоспарымен және атқарылатын жұмыстар ретімен таныстырды. Сондай-ақ білім алушылар өз өнерлерін ортаға салу арқылы шара мазмұны мен мақсатын аша түсті.
Шараның негізгі мақсаты - білім алушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту және білімнің басты бастауы – кітаптың құндылығын ұғындыру.
Бұл онкүндік – жас ұрпақтың рухани байлығын арттыруға, кітаптың құдіретін ұғындыруға, гуманитарлық білімнің маңызын насихаттауға бағытталған игі бастама.


