2025 жылдың 24 қазанында қоғамдық - гуманитарлық пәндер онкүндігінің сегізінші күнінде Арал индустриалды - техникалық колледжінде волейболдан жарыс ұйымдастырылды. 24 қазан - кітапханашылар күні мен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында өткізілген жарыс «КІТАП ПЕН СПОРТ - РУХ ПЕН ДЕНЕ АЗЫҒЫ» деп аталды. Колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары К.Байқазақова, Е.Махамбетжанов және Қ.Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен өткізілген спорттық шараға барлық оқу топтары тартылды.
Салауатты өмір салты тек спортпен шектелмейді. Рухани байлық пен ой - өрісті кеңейту де адамның дамуына тең үлес қосады. Сондықтан да осы іс - шара барысында колледж студенттері дене мен жан саулығын қатар ұстанудың маңызын түсіне отырып, спортта белсенділік танытты.

