2025 жылдың 18 ақпанында Арал индустриалды-техникалық колледжінде кітапханашы Г.Бүркітованың ұйымдастыруы мен «Кітап достарын іздейді» тақырыбында буккросинг бұрышы ұйымдастырылды. «Буккроссингтің» басты мақсаты - үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау» арқылы оқырмандар арасында кітап алмастыру акциясын жүргізу. Сондай-ақ әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту.