Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал индустриалды-техникалық колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2026 жылғы 29 мамырдағы №62/2 бұйрығына сәйкес, кәсіпорын құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде.
Осыған байланысты, «Арал индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылы 24 маусымда Қызылорда облысы, А.Әленов № 1«а» мекен-жайында орналасқан «Арал индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәжіліс залында жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.


