Халқымыз қыз баланың тәрбиесі - ең қымбат байлық деп санаған. Осы орайда колледжімізде Арал ауданының полиция бөлімі зорлық - зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Г.Есенжолова, Аудандық Денсаулық сақтау орталығының маманы М.Саимованың қатысуымен «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыз балалармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Қыз бала тәрбиесін, қыз балалардың жеке гигиенасын, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, орынсыз киiну, орынсыз жүрiс - тұрыс қыз бала затының нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығармау, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым - қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу.