2023 жылғы 11 желтоқсанда Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс», «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары арасында 11-15 желтоқсан аралығында өткізілетін «Кәсіптік білім-мәңгілік ел тірегі» атты апталықтың ашылуы болып өтті. Салтанатты шара барысында бірлестік жетекшісі Е.Ахметов іс-шара жоспарымен таныстырып, барлық білім алушыларды апта көлемінде өтетін шараларға қатысып, белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ қызығушылықты арттыру мақсатында білім алушылар арасында лото ойыны ойнатылып, ұтыс иелеріне сыйлықтар таратылды. Апталықтың алғашқы күні білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағыттылған ойындар ұйымдастырылды. Яғни үзіліс кезінде «Бэкроним» әдісімен берілген сөзжұмбақ, ребустар шешіліп, «Дартс», «Бағдаршам», «Шашка» ойындары ойнатылды.