«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды-техникалық колледжі адамзаттың болашағын қалыптастырып, кәсіби маман даярлауға сүбелі үлес қосып жүрген жандардың кәсіби мерекесі — Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күнін «КӘСІПТІК БІЛІМ- ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ЖОЛ, ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕС» атты мерекелік шарамен атап өтті.

Шараның мақсаты ТжКББ жүйесінің біріңғай миссиясы мен құндылықтар кеңістігін қалыптастыру, педагогтер мен студенттерді жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру идеясы төңірегінде біріктіру.

Салтанатты мерекелік кештің алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлы сөйлеп, тарихи жоба ретінде бірінші болып «Болашаққа хат» жолдап, колледж қызметкерлеріне Аудан әкімінің марапатын табыс етті.

Арал индустриалды- техникалық колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлы облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжанов және облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г. Есқалиеваның «Құрмет грамотасын», колледж қызметкерлеріне «Алғыс хаттарын» және әлеуметтік серіктестіктерге марапаттар табыстады.

Кәсіби білім – болашақтың кепілі. Ендеше, әрқайсымыз алға қарай ұмтылып, өз мамандығымыздың шынайы шебері болайық! Баршанызға жарқын болашақ тілейміз!