«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір талапкердің қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға үлкен мүмкіндік жасайды. Осы мақсатта Арал индустриалды - техникалық колледжінің оқытушылары А.Қалмағанбетова , Г.Баймағамбетова, Н.Жолдыбаева №83 орта мектебінде қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар туралы презентациялар ұсынып, брошюралар таратып, бейнероликтер көрсету арқылы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде оқушылар мамандықтарға байланысты сұрақтар қойып, пікір алмасып, мамандыққа деген көзқарастарын кеңейтіп, түрлі ақпараттар алды.