Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одақ ұйымының 100 жылдығына орай Арал индустриалды-техникалық колледжінде қыркүйек айының 16-20 аралығында «Кәсіподақ күші- бірлікте» атты апталық өткізілді. 16 қыркүйек күнгі апталықтың ашылу салтанатында кәсіподақ мүшелері ұйымның төрайымы Ж.К.Кыркабакова сөз сөйлеп, аталмыш шараның мақсат-міндетімен таныстырды.
Ұйымда жасалған жұмыстардың көрсеткіші ретінде, колледж фойесінде фотокөрме безендірілді.
Апталықтың екінші күні «Кәсіподақ жастары ой жарыстырар» атты колледж жастарымен тренинг өткізді. Жеті бөлімнен тұратын тренинг «Сәттілік» шеңберімен басталып, топ басшылар таңдау сәтін «Сақина» ойынымен жалғасын тапты. Екі командаға бөлінген жастар допты игеру арқылы, тренингке сақадай сай екендерін білдірді. Сурет салып, қимылдар жасап «Телефон» ойынында өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екендерін көрсете білді. Әр бөлім сайын жастардың көңілдері көтеріле түсіп, «Жасырын қорап» ойынында ұшқыр зейіндерін көрсетті. Тик-ток әлеуметтік желіде 2024 жылғы трендтегі бейнеден үзінді түсіріп екі команда өздерінің ізденімпаз, креативті екендерін паш етті. Тренинг соңында апталықтың тақырыбына сай әр команда өлең шумақтарын ортаға салып, кәсіподақ ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.
Ал 18 қыркүйек күні жалпы қызметкерлер арасында «Кәсіподақ игі істер бастамасы» атты тренинг өткізілді. Тренинг қарым-қатынасты нығайту, күш- қуат жинау, бір бірін құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсаты оқытушылар арасында жүргізілді.
Тренинг шеңберде тұрған оқытушылар туралы 2 мәліметпен бастауын тауып, «Мен ұнататын түс» ойынымен жалғасты. Сусындардың түстері арқылы топқа бөлініп, оқытушылар «Қар» арқылы сұрақтарға жауап берді. Тренинг жалғасын қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы П. А. Қанатова «Сен білетін бір мәлімет және білмейтін 2 мәлімет» айдарымен жалғасты. Креативтік ойлау қабілетін көрсете білген ұстаз «Ұжым татулығы» деген әңгіме -аңызды айта отырып, ұжым мүшелеріне ерекше эмоционалды жігер берді. Тренингтің келесі бөлімінде түрлі-түсті қағаздар таратылып, құрастырған қағаздан» Кәсіподақ», «Игі істер», «Бастама» сөздеріне мағлұмат берілді. «Ауызбіршілік», «Сенім», «Сыйластық» топтары «Сөйлемді аяқта», «Күлкі – көңіл ажары» әдістерімен өткізге тренинг ұжым арасындағы байланысты нығайтып, бір-бірін кеңірек танып білуге, көңіл-күйді көтеруге ерекше ықпал етті.
Тренингтің соңы педагогтерді қақтығыссыз қарым-қатынас жасауға мотивациялау, әріптестермен қарым-қатынаста мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін іздеу, қарым-қатынас барысында өзін және өз әріптестерін қабылдау және түсіну дағдыларын дамыту мақсатында «Рюкзак» тазару жаттығуын колледж психологы Ж.Я.Ахметова өткізді. Жаттығу соңында кері байланыс алынып, қатысушы қызметкерлер өз ойларымен бөлісті.
19 қыркүйекте апталық «Ұлттық ойындар» атты спорттық шарамен жалғасты.
Спорттық шараның негізгі мақсаты қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы қызметкерлердің ептілік, дәлдік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Шарада «Тау соғар», «Су таусар», «Бес тас», «Қол күрес», «Бестемше» және «Арқан тартыс» атты ұлттық ойындар ойналды.
Көңіл күйді көтеруге ерекше ықпал еткен ойындар барысында колледждің әкімшілік бөлімі бір ұпаймен алға озып шықты. Ойынның екінші орынын ұстаздар командасы иеленсе, үшінші орынды өндірістік оқыту шеберлері және техникалық қызметкерлер бөлісті.
«Кәсіподақ күші- бірлікте» атты апталықтың жабылу салтанатында ұжым қызметкерлеріне шоколад таратылды. Қызметкерлер алғыстарын айтып, ризашылықтарымен бөлісті.