2024- 2025 оқу жылындағы қазан айның 21-24 аралығында «Дәнекерлеу ісі», «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарымен «Кәсібилік пен еңбекқорлық егіз ұғым» атты апталықтың ашылу салтанатында бірлестік жетекшісі Г. Абилова іс-шара жоспарымен таныстырып білім алушыларды белсенділік танытуға шақырды.
Колледж білім алушылары белсенділігін арттыру мақсатында апталықтың екінші күні «Мамандығым-болашағым» атты сыныптан тыс жұмысы жүргізілді. Шара әсерлі көңіл күймен бастау алып, QR код арқылы екі топқа бөлінді.
«Артығын тап” бөлімінде әр-түрлі кескіндердің бейнежазбалары көрсетіліп, білім алушылардың зеректілігі байқалды. Математикалық ырғақ бөлімінде, білім алушылар математикалық жылдамдылығын көрсете біліп, тиісті ұяшықтарына орналасты. “Адасқан әріптерде” берілген әріптердің дүрыс орнын тауып ойларының ұшқырлығын көрсете білді.
“Біріккен нүктелер” бөлімінде сандар генераторын пайдалану арқылы нүктелерді біріктіріп тапқырлық тұстарын білдірді. “Тимбилдинг” сергектік сыйлап, сиқырлы қорапшадан тапқан тәттілер білім алушыларға шарадан тамаша көңіл күй сыйлады.