Кәсіби бағдар алу мақсатында Арал қаласындағы №64, №220, №292 Келешек орта мектептерінің оқушылары колледжге саяхат жасады.
Саяхаттың негізгі мақсаты - оқушыларға кәсіби бағдар беру, техникалық және жұмысшы мамандықтардың қыр - сырын таныстыру, заманауи өндіріс орындарындағы еңбек ерекшеліктерімен таныстыру болды. Сонымен қатар білім алушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға деген қызығушылығын арттыру, олардың қабілеті мен бейімін анықтауға бағыт беру көзделді.
Бұл сапар оқушылардың көкжиегін кеңейтіп, еңбекке деген құрметін арттырып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.
2026 - 2027 оқу жылында қабылдауға жоспарланған мамандықтар мен біліктіліктер тізімі бойынша түсіндірілім жасалды.
Саяхат барысында ер балалар электргазымен дәнекерлеуші, қыз балалар тігін, сән технология құзыреттілігі орталығын аралап, жан - жақты мәліметтер алды.
Бұл - жастар арасында кәсіби мамандықтарға деген қызығушылықты ояту мақсатында атқарылып жатқан маңызды бастама. Осыған орай мектеп оқушыларына түрлі салалардағы мамандықтармен жақынырақ танысу мүмкіндігі берілді.

