«Баланың болашағы оның алғашқы қадамын қалай басқанынан басталады» дейді халық даналығы. Шын мәнінде, әрбір шәкірттің мамандыққа деген жолы колледждегі мамандықтарды меңгеруден басталады. Бұрын мамандық таңдау жоғары сыныптағы қиын шешім болып көрінсе, қазір ол бастауыштан бастауға тиіс игілікті үрдіске айналып отыр. Бұл дегеніміз - мамандыққа деген қызығушылықтан басталатын алтын көпір. Колледж - әр баланың қабілетін ашып, болашаққа жетелейтін білім ордасы.
Осы игі бастамамен ауданымыздағы №220 орта мектебінде кәсіптік бағдар жұмысымен Ж.Кыркабакова, Н.Жиеналиева, А.Боташова мамандықтар жөнінде ақпарат беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кәсіптік бағдар - адамның қызығушылығын құзыретке, ал құзыреттілікті ел дамуына қосылатын нақты үлеске айналдырудың кепілі болмақ.

