Арал индустриалды-техникалық колледж студенттеріне әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұымысы Аудандық прокуратураның прокуроры Н.Нұртазаев, Арал аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция испекторы, полиция аға лейтенанты Б.Ерекеев, ата-аналар комитетінің төрайымы Н.Джумашевалардың қатысуымен өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу.