Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу үшін «Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері мен оны болдырмау» тақырыбында сала мамандарымен кездесу болып өтті. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Құқықбұзушылық - қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйрету. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Арал АПб - ң КҚт - ң Кіші инспектор кинологі полиция старшинасы Жаңайбеков Дәуренбек Жаңайбекұлы, Арал АПб - нің ЖПҚб - нің ЮПт - ның УПИ - ры полиция аға лейтенанты Омаров Тұрар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, мопед, скутерді құжатсыз тізгіндеу, жастардың түнде ата - ананың рұқсатынсыз жүруі және жаман әдеттерден бойын алыс ұстауы айтылды.