Арал индустриалды-техникалық колледжінде 2025 жылдың қыркүйек айының 30-шы жұлдызында білім алушыларға кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен кездесу өткізілді.
Кездесуге Арал аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.О.Жанесова, Арал АПб ЖПҚб ЮПт Упи-ры полиция аға лейтенанты Б.Ә.Ерекеев, аудандық «Жастар орталығы» маманы А.Тоқтамысов және колледж директоры Р.У.Айназаров қатысты.
Кездесу барысында колледж білім алушыларына ауданның құқық бұзшылық көрсеткіші туралы ақпарат беріліп, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін құқық бұзушылықты болғызбау және алдын -алу туралы насихаттау жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар тақырыпқа байланысты өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
«Құрметті білім алушылар! Естеріңізде болсын, әрбір жасаған әрекетіңіздің заң алдында да, қоғам алдында да салмағы бар.. Тәртіпті болып, білім алып, саналы азамат болып қалыптасуларыңызға тілектеспіз. Өз болашағыңыз – өз қолыңызда!

