«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз" атты ата - аналарға арналған тренинг 
Колледждің ІІІ курс №126 «Электргазымен дәнекерлеуші» топ студенттерінің ата - аналарымен "Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз" ата - аналарға арналған тренинг өткізілді.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата - ана мен колледждің өзара ынтымақтастығын, қауіпсіздігін нығайту. 
Міндеті: Тренингіміздің ерекшелігі - тәрбие процесіндегі қиындықтарды оқытушы және ата - ана болып пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. 
Топ жетекшісі П.Қанатованың ұйымдастыруымен болған тренинг «Қызықты сұрақтар» ойынымен басталды. «Жеткіншектің психикасы стреске қалай жауап береді?» атты кеңес беріліп, ұсынылған жағдаяттарды талдап, «Өз эмоцияларымызды саналы түрде қабылдау дағдыларын қалай дамытуға болады» атты жадынамалар берілді.«Жүрек жылуы» жаттығуы бойынша қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір - біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді. Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртібі, студенттердің сабақ үлгірімі, қарым - қатынасы жайлы сөз қозғалды. Тренинг соңы колледждің «Тәртіп пен жауапкершілік - ортақ міндет» тақырыбындағы колледждің жалпы ата - аналар жиналысына ұласты.