«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

 2023 жылғы 29 мамырда Арал индустриалды-техникалық колледжінде  қаржылық сауаттылыққа байланысты сала мамандарының студенттермен кездесуі болып өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса манызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Турлыбековна мен аса манызды істер жөніндегі жедел уәкілі Ахметов Кайрат Борибекович  қатысып,  колледж білімгерлеріне қаржылық және құқықтық сауаттылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

       Аталмыш шарада қазіргі таңда ел арасында жиі орын алып отырған қаржылық алаяқтық, заңсыз ойындардың көбеюі мен одан сақтану  жолдары түсіндірілді.Әсіресе қаржы пирамидаларының  құрығынан абай болу қажеттігі мен қаржы алаяқтарынан сақтануға қажет пайдалы кеңестер берілді. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қаржылық пирамида, әлеуметтік желі алаяқтарына алданбау  жайлы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу соңы сұрақ-жауап түріндегі ашық сұхбатпен аяқталды