Арал индустриалды-техникалық колледжінде 2024 жылдың қараша айының 13-ші жұлдызында гуманитарлық пәндер бірлестігінің оқытушылары Л.Аймурзаева, А.Қараева, Н.Жолдыбаевалардың ұйымдастырылуымен ғалым-геолог, минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қаныш Сәтбаевтың ұлылығы» атты ғылыми жоба байқауы өткізілді. Байқауға І,ІІ курс білім алушылары қатысты. Іс-шара шеңберінде үздік жұмыстар іріктелді.