2024 жылғы қараша айының 25 - 29 жұлдыздары аралығында «Сымбат» тігіншілер бірлестігінің «Тігіншілік - қолмен қиялдың еңбегі» атты апталығының 29 қарашада өндірістік оқыту шебері Анара Кенжебаеваның ұйымдастыруымен «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатының мақсаты өмірде қолданбайтын қалдық заттардан әр түрлі шығармашылық туындылар жасау арқылы оқушыларды икемділікпен шеберлікке тәрбиелу арқылы, қалдық заттарға екінші өмір сыйлау. "Синель" техникасы арқылы дайындалған ескі джинсы киімдерінен жасалған бұйымдардың жасалу техникасымен таныстырды. Кеш соңы «Тігіншілік - қолмен қиялдың еңбегі» атты апталықтың жабылуы ұйымдастырылды.