«Junior Skills - 2026» додасы,
Шеберліктің сарқылмайтын арнасы.
Білім менен тәжірибе ұштасқан,
Жас маманның биік болар тұлғасы.
Арал индустриалды-техникалық колледжінде сәуір айының 24 жұлдызында «JuniorSkills-2026» кәсіби шеберлік чемпионаты ұйымдастырылды.
Кәсіби шеберлік чемпионатының мақсаты мектеп білім алушыларының мамандық таңдауына қызығушылығын арттыру, қолдау білдіру және ерекше дарынды, интеллектуалды қабілеті жоғары, теориялық, практикалық дағдыларды меңгерген өз ісінің шеберлерін анықтау болды.«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» құзыреттілігі бойынша «Junior Skills» чемпионат сарапшылары:
Ермағамбетов Талғат Өтегенұлы -колледждің арнайы пән оқытушысы;
Улекешов Нурболат Халымович - колледждің өндірістік оқыту шебері.
Қатысушылар 240 минут (4 сағат) ішінде қарқынды жұмыс істеп, келесі күрделі тапсырмаларды сапалы орындап шықты:
МОДУЛЬ 1. Жобалау және эскиз жасау
МОДУЛЬ 2. Материал таңдау және өлшеу
МОДУЛЬ 3. Ағашты кесу және өңдеу
МОДУЛЬ 4. Құрастыру жұмыстары
МОДУЛЬ 5. Соңғы өңдеу және әсемдеу
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І дәрежелі ДИПЛОМ
Бақытжан Байжігіт Байманұлы (№2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты) жетекшісі: Жарқынбаев Алнұр Нуралиевич
ІІ дәрежелі ДИПЛОМ
Құндызбаев Нурислам Амангелдіұлы (№283 орта мектебі) - жетекшісі: Аленов Асылбек Абдилдаевич
Мұратбеков Шапағат Азизбекұлы (№292 орта мектебі) - жетекшісі: Абдибаев Мурат Амангельдиевич
ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ
Төремұрат Ұлан (Ж. Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейі) - жетекшісі: Тілепов Ғалым
Серекеев Нұрперзент (№87 орта мектебі) - жетекшісі: Айменова Ақмарал Қайсаровна
Жанарал Мансур (№231 орта мектебі) - жетекшісі: Тлеуова Айгүл
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша чемпионат сарапшылары:
Сайыскерлердің жұмысын кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады:
Ибрагимова Ляззат Альжановна - колледждің арнайы пән оқытушысы;
Қуанышова Гүлназ Қуанышқызы - колледждің өндірістік оқыту шебері.
Қатысушылар 240 минут (4 сағат) ішінде қарқынды жұмыс істеп, келесі күрделі тапсырмаларды сапалы орындап шықты:
МОДУЛЬ 1: Техникалық сызбаны сызу;
МОДУЛЬ 2: Киімді үлгілеу және лекалдар жиынтығын дайындау;
МОДУЛЬ 3: Трендтегі декоративті «хит» жағаны тігу.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І дәрежелі ДИПЛОМ
Арнатқызы Адина (№220 орта мектебі) жетекшісі: Бахытбергенова Алтынай
ІІ дәрежелі ДИПЛОМ
Қасымхан Айгерім (Ұ. Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы) - жетекшісі: Жүрімбетова Сәуле
Бексұлтан Айсана (Ж. Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейі) - жетекшісі: Жақсылықова Гүлсезім
ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ
Нағашыбаева Әсемай (№260 орта мектебі) - жетекшісі: Жумабай Жансулу
Елубай Ақсезім Ерханқызы (№283 орта мектебі) - жетекшісі: Таубекова Күнсұлу Бақтыбаевна
Үристембаева Аяжан (№231 орта мектебі) - жетекшісі: Әбенова Ғалия
Кәсіби шеберлік додасының соңы салтанатты марапаттау рәсіміне ұласты. Сайыс барысында белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен барлық қатысушыларға колледж әкімшілігі атынан арнайы дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жас таланттардың қанатын қатайтқан «Junior Skills - 2026» чемпионаты сәтті аяқталды. Барлық жеңімпаздарды кәсіби белестерімен құттықтаймыз!

