2026 жылдың 20 ақпанында Арал индустриалды - техникалық колледжінің білім алушылары мен өндірістік оқу шеберлері Халықаралық "ORDA" жоғары колледжінде ұйымдастырылған GRAND PODIUM сән көрсетілімі байқауына қатысты. Жас дизайнерлердің шығармашылық әлеуетін танытатын, кәсіби шеберлігін шыңдайтын және сән өнеріне деген қызығушылықты арттыратын маңызды мәдени іс - шарада өндірістік оқу шеберлерінің еңбегі бағаланды.
Шараға ТжКББ ұйымдарының студенттері мен оқытушылары қатысып, шығармашылық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткені үшін колледж студенттері Панаева Замира ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН (жетекшісі: Кунзираш Алиева), Шохманова Ақгүл ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН (жетекшісі: Гулназ Куанышова) марапатталды.
Шығармашылық иелерін жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз бен белестеріңіз көп болсын!

