Графика және жобалау пәнінен ашық сабақ өткізілді
Графика және жобалау пәнінің оқытушысы Ж.К. Кыркабакова біліктілігі «Электргазымен дәнекерлеу» №132 топ білім алушыларына «Графикалық құжаттар» атты ашық сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты - графикалық құжаттардың түрлерін білу, мемлекеттік стандарттарға сәйкес құжаттарды рәсімдеу және практикалық тапсырмалар орындау.
Сабақ барысында қолданылған әдіс - тәсілдер тақырыппен үйлесім тауып, сабақтың мақсатын ашты. Өз кезегінде білім алушылар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісе білді.