«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылдың 23 қаңтарында графика және жобалау пәнінің оқытушысы Ж.К.Кыркабакова біліктілігі «Электргазымен дәнекерлеуші» №139 топ білім алушыларына «Жобалау әдістері. Жобалаудың негізгі кезеңдері» атты ашық сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты - білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жоспарлау және талдау дағдыларын қалыптастырып практикалық тапсырмаларды орындау.
Ашық сабақ бір жағынан - бағдарламалық материалды саналы және берік игеруге, екінші жағынан оқушылардың шығармашылық белсенділігін, олардың тапқырлығын, қызығушылығын дамытуға және белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етті. 
Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тақырыппен үйлесім тауып, топтық жұмыстар жүйелі ұйымдастырылды және тақырып мазмұны заманауи технологияларды кірістіре отырып ұтымды ашылды.
Әдістемелік кеңес мүшелерінің қатысуымен сабақ жақсы деңгейде өткізілді деп бағаланды.