Эстафеталық жарыста колледж командасы жүлдегер атанды
Арал ауданында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Ерденбек Ниетқалиевты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан дәстүрлі эстафеталық жарыс өткізілді. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы шараға Арал индустриалды-техникалық колледжі командасы да қатысқан болатын. Аудандық мекемелер арасында жүлдені сарапқа салу бәйгесінде колледж командасы ІІІ орынға ие болды.
Жарыс қорытындысымен дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы К.Байқазақова жетекшілік ететін Арал индустриалды-техникалық колледж командасы Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің грамотасы, медальдарымен және спорт кубогымен марапатталды.
Жеңімпаздарға жарыс жолында сәттіліктер мен жарқын жетістіктер тілейміз!


