Кәмелетке толмағандар арасында Арал индустриалды - техникалық колледжінде «Сенің болашағың... отбасын жоспарлау мектебі» жобасын жүргізу жөніндегі түсіндірме жұмыстары жоспар бойынша 2026 жылдың 8 - ші сәуір күні өткізілді. Кездесуге АІІБ - ң зорлық - зомбылыққа қарсы аға инспекторы, майор Г.Есенжолова, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Жұмаева, колледж педагог - психологі А.Кенжебаева студенттерге «Ерте некенің құқықтық аспектілері» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құқықтық сауаттылық, неке және отбасы заңдылықтары, ата - ана құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.
"Сенің болашағың... отбасын жоспарлау мектебі" жобасы - жастарды болашақ отбасылық өмірге жан - жақты дайындауға бағытталған тәрбиелік - танымдық бағдарлама. Жоба барысында қатысушыларға отбасының маңызы, оның қоғамдағы рөлі, жауапкершілік, өзара сыйластық, ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарастар үйлесімі туралы кеңінен түсіндіріледі.

