Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы – қоғам үшін аса маңызды шешім болды. Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында да жұмысшы мамандықтарын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ден қойылды. Өйткені еңбек адамына құрмет көрсету, кәсіби мамандықтардың беделін көтеру – болашағымыздың жарын келбеті.
Педагогтер үшін мектеп қабырғасынан бастап жастарды еңбекке, нақты кәсіпке баулу және нақты мамандықты меңгерудің маңызын түсіндіру міндеттелді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жастардың сұранысына сай жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп, кәсіптік-техникалық білімнің беделін арттыру көзделді.
Осындай маңызды міндеттер негізінде нақты қадамдар жасау арқылы жас ұрпақ өз елінің дамуына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуы керек.
Ал, біз, ұстаздар қауымы, оқушылардың бойында еңбекқорлықты, кәсібилікті және нақты мамандыққа деген құрметті тәрбиелеуді жалғастыра береміз.


