2025 жылғы 25 қарашада Арал индустриалды-техникалық колледжінде Бағдарламалық қамтамасыз ету бірлестігінің «Жасанды интеллект дәуірі» атты апталықтың барысында бірлестік жетекшісі А.Қонысбайқызы «Ең үздік веб-сайт» атты байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты: жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, веб-сайт жасау. Байқау кезеңдері: І-кезең: Қатысушылармен және байқау тапсырмасымен таныстыру, ІІ-кезең: Веб-сайтты әзірлеу жұмыстары, ІІІ-кезең: Дайын жобаларды таныстыру, ІҮ-кезең: Қазылар алқасының бағалауы, Ү-кезең: Қорытындылау. Байқау барысында білім алушылар екі топқа бөлінді: «Smart Web» және «Future Web». Білім алушылар байқау кезеңдерінде өз білімдері мен шапшаңдықтарын сынады. Байқау нәтижесінде «Future Web» тобы жеңіске жетті. Байқау өте қызықты және тартысты өтті.

