«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды-техникалық колледжінде экономика негіздері пәнінің оқытушысы Л.Аймурзаеваның ұйымдастыруымен «ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР» тақырыбында өнегелі ашық сұхбат өтті.

Кездесудің басты қонағы — колледждің өндірістік оқу шебері, өз ісінің майталманы, электргазбен дәнекерлеуші мамандығының иесі Құныжанов Жеңісбек Советұлы болды.

Жеңісбек Советұлы жастармен өзінің еңбек жолы туралы шынайы ой бөлісіп, дәнекерлеуші мамандығын қалай меңгергенін, бұл кәсіптің қыр-сыры мен маңызын терең түсіндіріп берді. Оның адал еңбегі, табандылығы мен төзімі білім алушыларға үлкен әсер қалдырды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Сонымен қатар, шебердің жетекшілігімен оқу шеберханасына саяхат жасап, дәнекерлеу процесінің қыр-сырымен танысты. Бұл іс-шара жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.

Еңбек — елдің тірегі, адамның мерейі. Осындай өнегелі кездесулер жас ұрпақтың мамандыққа деген көзқарасын қалыптастырып, саналы таңдау жасауына себеп болады.