«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды-техникалық колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының хатына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында «Discuss» дебат клубының ұйымдастыруымен «Лудомания-болашақтың дерті» тақырыбында І курс студенттері арасында пікірталас болып өтті.

Шараның мақсаты-лудомания жайлы жалпы ұғым, адамның дамуына кері әсері, ойынқұмарлыққа салынудың адам психикасына тікелей әсері, жасөспірімдер арасында ойынқұмарлықтың алдын алу, жастардың көп қызығатын дерттен арылуға, алшақ жүруге шақыру.

Шараға қатысқан І курс студенттерінен құралған «Болашақ» тобы мен «Дарын» тобы құмар ойындармен жастардың көп қызығатындығын, жасөспірімдер арасындағы кең етек алып бара жатқан ойын құмарлықтан арылуға,оңай жолмен ақша тауып, теріс жолға түскен жастар жалған сөйлеуге, ұрлық-қарлыққа барып қылмыс жасауға бейім болатынын, өзгелердің өмірі мен өз өмірлеріне кесірі тиетіндіне тоқталса, жасөспірімдер келешек оқуы мен жұмысқа орналасуы кезінде кедергі болатындығын түсіндіріп, жастарды тәртіпке, жақсы білім алуға шақырды.

Жастардың ойлау қабілетін арттыру және өмірлік құндылықтарды саналы түрде қалыптастыруды үйрету, мағлұмат беру мақсаты орындалды.