2024 жылғы Жолдау сапалы білім беру мәселесін алдыңғы қатарға шығарып, елдің білім беру жүйесін жаңғырту ды көздейді. Президент Қ.Тоқаев ұсынған реформалар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға және заманауи білім беру әдістерін енгізуге бағытталған. Сапалы білім – елдің болашағын айқындайтын басты факторлардың бірі, сондықтан бұл саланы дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының кепілі болмақ. Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күресу, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселелері Жолдауда кеңінен қаралды. Жастарды жұмыспен қамту және оларға қажетті қолдау көрсету – елдің ұзақ мерзімді дамуындағы маңызды басымдықтар ретінде қарастырылады.
Осы ретте, Қазақстанның барлық қалаларынан жиналған белсенділер бірігіп, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорын құрды. Қордың мақсаты- Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларға өз үлесін қосуға ынталы, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың басын біріктіру жолындағы жұмыстарды насихаттауда "Әділдік және өркендеу" қоғамдық қорының өкілі - Есбосынова Қаракөз колледж студенттерімен кездесу жүргізді.
Кездесу барысында жұмысшы мамандықтардың болашақта атқарылатын жұмыстары туралы түсіндірілді.