«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2024 жылғы 2 желтоқсанда Арал индустриалды-техникалық колледжінде №124 «Токарь» тобында «Буллингтен қорған» атты тәрбие сағаты өткізілді. Топ жетекшісі Г. Мейірманованың ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара білім алушылардың буллингке төзбеушілік мәдениетін дамыту және буллинг жағдайында жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілді.

Тәрбие сағаты барысында «Буллинг дегеніміз...» атты бейнеролик көруге ұсынылып, сол арқылы «Т-кестесі» толтырылды. Сондай-ақ оқу орнындағы «құпия жерлерді» зерттей отырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу мен зардаптары туралы постер жасалды.

Білімгерлерге буллинг жағдайында жедел әрекет ету үшін қажетті жедел желілер мен #неМолчKZ қоры туралы ақпарат берілді.

Тәрбие сағатының соңында дұрыс қарым-қатынас пен буллингті ажырата білу үшін жағдаяттық сауалдар беріліп, топ мүшелерінің пікірі тыңдалды.