Еліміздің бірқатар өңірлерінде болып жатқан су тасқыны баршаны алаңдатып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты орын алып отырған мұндай ахул ұзақ жылдан бері болмаған. Бірақ, апат айтып келмейді ғой. Бұл жағдай бәрімізге де оңай соғып тұрған жок.
Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты мемлекет тарапынан шұғыл түрде барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.
Қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өз үндеуінде тасқын судан зардап шеккен азаматтарға қаржылық және басқа да көмек беріліп, материалдық шығындар толық өтеліп, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтынын айтты. Сондықтан апат орын алған аймақтағы ағайындарға сабыр тілеймін!
Осындай қиын-қыстау кезеңде билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер маңызды. Жалған ақпарат береке-бірлікке бастамайды. Сондықтан ендігі жерде ел болып көмек көрсетіп, ауызбіршілік танытсақ бұл апатты да еңсеретініміз анық. Біздің күшіміз – бірлікте! Береке-бірлігіміз ажырамасын!
Айназаров Раким Өтемұратұлы,
Арал индустриалды-техникалық колледжінің директоры