Арал индустриалды-техникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптары мен мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламасын толық меңгерген бітіруші ІІІ курс білім алушылары үшін қорытынды біліктілік беру емтихандары басталды.
2026 жылғы 17 маусымда 07150500 – «Дәнекерлеу ісі»(түрлері бойынша) мамандығы, 3W07150501 – «Электргазымен дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша білім алатын ІІІ курс №126 оқу тобында қорытынды аттестаттау емтиханы өткізілді.
Қорытынды аттестаттауды колледж директоры Р.Айназаров ашып, барша білім алушыларға сәттілік тіледі. Аталмыш мамандық бойынша қорытынды біліктілік емтиханына әлеуметтік серіктес кәсіпорын өкілдері қатысты.
Комиссия төрағасы: М.Наукеев – «Әділет сервис» ЖШС директоры;
Комиссия мүшелері: М.Кулмурзаев – «Арал құрылысы» ЖШС директоры;
С.Молжигитов – «Аралагроөнеркәсіптехника» ЖШС маманы.
Емтихан барысында білім алушылар өздерінің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын ұштастыра отырып, кәсіби даярлық деңгейлерін көрсетті. Нәтижесінде білім алушылардың таңдаған мамандығы бойынша тиісті құзыреттерді меңгергендігі айқындалды.

