Арал индустриалды-техникалық колледжінде 2024 жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында Тарих және география пәндер бірлестігінің апталығы барысында бірлестік жетекшісі А.Қараева «Білімді ұрпақ – ел өркендеуінің негізі» атты интеллектуалды ойын сабағын өткізді. І курс білім алушылары тарих және география пәндері бойынша өз білімдерін ортаға салды. Мақсаты: Білім алушыларға бойына өлкеміздің тарихын танып білуге, дүниетанымын кеңейтуге, адамгершілік қасиеттерді дарыта отырып батырлыққа, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Тарих, география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Ойын бес кезеңнен құралды. Нәтижесінде «Тұлпар» тобы жеңіске жетті.