«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aralsk-aitk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2024 жылғы 23 мамырда Арал индустриалды - техникалық колледжінде ардагер ұстаз, кәсіптік - техникалық білім беру ісінің үздігі, Арал ауданының құрметті азаматы Қосымов Жеңіс Сембіұлын еске алуға арналған үстел теннисінен облыстық турнир өткізілді. Турнир ТжКББ ұйымдарының оқытушылары арасында ұйымдастырылды.

Аталмыш шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Кете - Төлеби Досымжанұлы мен  облыстық Тәрбие спорт және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Алпысбаев Ерғали Сражадинұлы қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. 

Сонымен қатар ардагер ұстазды еске алу шарасына шақырылған қонақтар Жеңіс Сембіұлының қызметі мен өмір жолы туралы естеліктерімен бөлісті.

Үстел теннис турниріне облыс бойынша жеті команда қатысып, тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі I орын - И.Әбдікәрімов атындағы Кызылорда аграрлы - техникалық колледжі, II орын - Арал индустриалды - техникалық колледжі, III орын - Қазалы көлік - техникалық жоғары колледжінің командалары иеленді.

Сырдария аграрлы - техникалық колледжі, Байқоңыр жоғарғы колледжі, Қазалы аграрлы - техникалық колледжі, Арал көпсалалы колледжінің командалары түрлі номинациялар мен ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

Сондай - ақ қатысушыларға колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлының алғыс хаты мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.