«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
«Біз жастарға өзін-өзі қамтамасыз ететін және экономиканы тиімді ететін білім береміз»
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арал индустриалды - техникалық колледжі 2025 жылдың қорытындысы бойынша «ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ - 2025» номинациясына ие болды.

Аталмыш марапатты Облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжанов пен облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Есқалиева 2025 жылдың қорытындысы және сала үздіктерін марапаттау рәсімінде салтанатты түрде колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлына табыстады.

Бұл мәртебелі марапат - колледждің білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының, жұмысшы мамандықтарының беделін көтерудегі табандылығының және әлеуметтік серіктестермен тиімді әріптестігінің нақты нәтижесі.

Колледж ұжымының берекелі бірлігі, тынымсыз еңбегінің нәтижесі, толағай табыстары мен жетістік көрсеткішіне берілген марапат құтты болсын!

Колледж ұжымын және білім алушыларды жаңа жыл қарсаңында жеткен ақжолтай жаңалықпен құттықтаймыз!