Арал индустриалды-техникалық колледжінде 2025 жылдың 2 қыркүйек күні Білім күніне арналған «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Шараға колледж ұжымы, студенттері мен ата – аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран орындалды.
Колледж директоры Айназаров Раким Өтемұратұлы студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Колледждің өндірістік оқыту шебері Утегенов Қаржаубай Әуесханұлы Білім күніне орай облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сонымен қатар, колледждің ардагер ұстазы Келжанова Әсия Ыхласқызы, І курс студенттері ата – аналары атынан М.Байдуллаева, және ІІІ курс студенті Демеуов Дамир жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, шынайы лебіздерін білдірді. Директордың орынбасарлары Ахметов Ербол Тәуіпбайұлы мен Садақбаев Еркін Теміржанұлы және колледж әдіскері Саламатова Айнұр Саламатқызы колледж директорының бұйрықтарымен таныстырды.
Салтанатты жиын жақсы ұйымдастырылып, мерекелік көңіл - күймен өтті.

