2025 жылдың 8 сәуірі күні Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шара негізінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтымен бірлесе Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Құқық негіздері» пәні бойынша облыстық олимпиада өткізді. Аталған іс-шараға Арал индустриалды-техникалық колледжінің №130 «Техника-электромеханик» тобының білім алушысы Орынбасаров Әлішер Ерболатұлы қатысты. Жетекшісі: Аймурзаева Лаура Бактыбаевна.
Облыстық олимпиада екі кезеңнен құрылды: 1- эссе, 2- тест тапсырмалары. Осы додада Орынбасаров Әлішер Ерболатұлы үздік нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Білім мен жігерді ұштастырып, озат нәтижеге қол жеткізу – үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі. Алдағы уақытта да осындай биіктерден көріне беруіңе тілектеспіз, Әлішер! Жетекшісі Лаура Бақтыбаевнаға да шәкіртіне бағыт-бағдар беріп, жетістікке жетелегені үшін алғысымыз шексіз. Жеңісің – мақтанышымыз!