2025 жылдың 25 ақпанында Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «С.СЕЙФУЛЛИН — ЛИРИК АҚЫН, ЖАЛЫНДЫ ЖАЗУШЫ» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Ұлы тұлғаның әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту мақсатындағы конференцияда Арал индустриалды-техникалық колледжінің І курс студенті Серіков Досымжан жүлделі ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Мирманова. Марапат иелерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!